1. Пән мұғалімдері блогыЖурналдың жоғарғы бөлігінде таңдалған сыныпқа осы пәнді жүргізетін мұғалімдердің тізімі көрсетіледі.
Бұл блок
«Пән мұғалімдерін көрсету» опциясы қосылған кезде ғана көрінеді.
2. Оқушылар тізіміКестенің сол жағында таңдалған сыныптың
оқушылар тізімі орналасады.
Әр оқушының қатарында мыналар көрсетіледі:
- бағалар
- сабаққа қатысу
- жиынтық бағалар
3. Сабақтар туралы ақпарат блогыЖурналдың жоғарғы бөлігінде сабақтар туралы ақпарат көрсетіледі. Мұнда:
- сабақ өткізілген айы
- сабақтың күні
- сабақты растау батырмасы
- бүкіл сыныпқа баға қою батырмасы
- сабақтың мәртебесі
4. Журналдың белсенді аймағыБұл — журналдың негізгі жұмыс аймағы.
Осы жерде:
- бағалар қойылады
- сабаққа қатысу белгіленеді
- пікір жазылады
Баға мен қатысу
бір терезеде қойылады.
5. Кезең бойынша бағаны есептеу блогыЖурналдың оң жағында
бағаны автоматты есептеу блогы орналасқан.
Есептеу келесі формулалар бойынша жүргізіледі:
%ФБ = (ФБ жиыны / (ФБ саны × 10)) × 25
%БЖБ = (БЖБ ұпайларының сомасы / БЖБ бойынша максималды ұпайлардың сомасы) × 25
%ТЖБ = (ТЖБ ұпайларының сомасы / ТЖБ бойынша максималды ұпайлардың сомасы) × 50
%Сома = %(ФБ + БЖБ) + %ТЖБ
Ұсынылатын баға — платформа
%Сома мәніне сүйене отырып автоматты түрде есептейді.
Жиынтық баға — мұғалім
қолмен қояды.